Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Ұлт руханияты- ұрпақ аманаты» тақырыбында іс-шара.

Облыстық планетарий 10 қазан күні Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Ұлт руханияты- ұрпақ аманаты» тақырыбында  дөңгелек үстел өткізді.

Шараны өткізудегі негізгі мақсаты: Елбасымыздың«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласымен жастарды таныстыра отырып, өскелең ұрпаққа еліміздің өткенінен сыр шерітіп, тілімізді, дінімізді құрметтеуге, ата-бабаларымыздың құнды тарихи мұраларын сақтауға, қорғауға, еліне, туған жеріне деген жанашырлығы, мәдени мұраларға деген қамқорлығын танытуға баулу.

Шараның құрметті қонағы ретінде Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің «Отан тарихы және тарихи пәндер кафедрасының» доценті С.А.Ескалиев пен Ақтөбе облысы тілдерді дамыту басқармасының тілдерді дамыту және үйлестіру жұмыстары бөлімінің басшысы Қ.Н.Сұлтаналин қатысты.

Шараның бірінші бөлімінде қонақтар сөз алып, С.А.Ескалиев тарихтан сыр шертіп , сынаптай сырғыған уақыт ешкімді күтіп тұрмайды, жаңғыру да тарихтың өзі сияқты жал­ғаса беретін процесс деп жастарға мәлімдеме жасаса, Қ.Н.Сұлтаналин қазақ жазуының латын графикасына негізделген жаңа нұсқасын жасау жөніндегі бастаманы насихаттап толық мағлұмат берді.

Шараның екінші бөлімінде Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің «Тарих» факультетінің «Тарих», «География», «Туризм» мамандығының студенттері «Қазақстанның киелі жерлері географиясы»  тізіміне Ақтөбе облысынан енген киелі орындары туралы баяндама оқыды.

Шарағақаламыздағы № 52 негізгі мектеп оқушылары мен Ақтөбе көлік коммуникация және жаңа технологиялар колледжі студенттері көрермен ретінде қатысып өз ой – пікірлерін білдірді.