Облыстық XІ Астрономиялық олимпиадаcының сырттай туры

АҚТӨБЕ     ОБЛЫСТЫҚ     ПЛАНЕТАРИЙІ

Облыстық XІ  Астрономиялық  олимпиадаcының сырттай туры

 

2019  жылы өтетін астрономиялық олимпиада

ҚҰДАЙБЕРГЕН ҚУАНҰЛЫ ЖҰБАНОВТЫҢ

құрметіне  арналады

                                                 (19.12.1899-25.02.1938)

Құдайберген Қуанұлы Жұбанов – бірінші қазақ профессоры-тілтанушы, филолог, қоғам және мемлекет қайраткері, КСРО Ғылым академиясының Қазақ филиалының құрылтайшыларының бірі.                      1899-1938 жылдар аралығында қысқа мерзімде өмір сүрген қазақ тіл білімінің және жалпы қазақстандық кәсіби ғылымның негізін қалаушылардың бірі. Ол 1899 жылы 19 желтоқсанда Ақтөбе облысы, Темір (қазіргі Мұғалжар) ауданы Ақжар ауылында дүниеге келген. 1928 жылы Ленинградтағы шығыс тілдері институтын, 1929-1932 жылдары Шығыс тілдері институты мен КСРО Ғылым Академиясының Тіл және ойлау институтының аспирантурасында түркі тілдері және жалпы тіл білімі мамандықтары бойынша оқыды. Қ. Қ. Жұбанов парсы, араб, неміс, түрік, монғол, грузин, чуваш, коми, орыс және түркі тілдерін жетік меңгерген. Оның қаламынан мектептер мен ЖОО-ға арналған Қазақ грамматикасының алғашқы оқулықтары, қазақ лингвистика бойынша монографиялар, латын әліпбиінің ең үздік жобаларының бірі жарық көрді. Қазіргі замандастар Құдайберген Жұбановты "бірінші дәрежедегі ғылымның өрлемелі жұлдызы деп санады».

XI Астрономиялық  олимпиадасының сырттай турының өткізілу ережелері

  1. Олимпиаданы өткізудің негізгі мақсаты –  оқушылардың астрономиялық білімге деген қызығушылығын арттыру және де осы пәнді тереңірек меңгеруге үйрету, болашақ мамандық таңдауына көмек көрсету, астрономиялық үйірмені жандандыру.
  2. Олимпиадаға астрономиялық білімді үйренуге қызығушылығы бар, белсенді қала және аудан мектептерінен 7-8-9 сынып оқушылары  қатыса алады.
  3. Олимпиаданың сырттай туры 18.02.2019 ж. – 25.03.2019 ж. аралығында өтеді. Сыртай турға қатысушыларға күрделілігі  әртүрлі бірнеше  астрономиялық есептер  беріледі. Дайын жауаптар ақ  бет қағазға (формат А4) терілген түрде тапсырылады. Жұмыстың көлемі 4 беттен аспауы тиіс. Суреттер мен схемалар циркульдің, сызғыш пен қарандаштың көмегімен мұқият орындалуы қажет. Жеке ақ бет қағазға қатысушының аты-жөні, мектебі, сыныбы, байланыс телефоны, қатысушыны дайындаған мұғалімнің аты-жөні мен байланыс телефоны міндетті түрде көрсетілуі керек, (жауап парағына қатысушының аты-жөні жазылмауы  керек, тапсырма  жасырын).

Толтыру кезінде мыналарды еске сақтау керек: алдымен есептің немесе сұрақтың мәтіні, содан кейін есептің шешуі немесе сұрақтың жауабы жазылады.

  1. Қатысушылар,  жұмыстарын  2019 жылдың  25-ші наурызына дейін тапсыруы керек. Қала мектептерінің қатысушылары жұмыстарын Облыстық планетарийге тапсыруы керек. Аудан мектептерінің оқушылары жұмыстарын электронды поштаға жіберулеріне болады.
  2. Жоғарғы ұпай алған қатысушы  2019 жылдың сәуір айында  өтетін екінші турға қатыса алады (күні мен сағаты қосымша хабарланады).

Мекен-жайымыз: Ақтөбе қаласы, Жанқожа батыр көшесі, 50 А.

Электронды  пошта:gulnura_9-0@mail.ru.

            Біздің сайт:  www.planeta-aktobe.kz

 Мектептерден  қатысушылардың тізімін 2019  жылдың  28-ші ақпанына дейін тапсыру керек.

     Факс: 8(7132) 211- 322, ватсап: 8 7054788646  тел. 404-214 немесе жоғарыда көрсетілген мекен – жайға.

2019 ж. Облыстық XІ -ші Астрономиялық олимпиадасының сырттай турының тапсырмалары.

класс

1.Плутон, Алголь, Ай, Үркер, Денеб, Церера. Осы объектілерді Жерден қашықтықтары бойынша өсу ретімен орналастыр.

2.Сіз өзіңізді Жердің оңтүстік полюсінде тұрмын деп елестетіңіз. Жұлдызды  аспанның айналысымен және көрінісімен өзіңіздің орналасқан жеріңізді қалай анықтайсыз? Жауабын түсіндіріңіздер.

3.Атақты итальяндық ғалым Галилео Галилей ойлап тапқан телескобымен Шолпанды бақылай келе, ғаламшар Ай секілді өз ширектерін өзгертетінін байқаған. Неліктен Галилей басқа ғаламшарлардың емес, тек Шолпан ғаламшарының ширектерін ашты? Бұл нені білдіреді?

4.Жердің көрсеткіштерін есепке ала отырып, салыстыру арқылы Айдың бетіне арналған екінші ғарыштық жылдамдықты анықтаңыз.

5.Алдарыңызда  11 қаңтардағы жергілікті уақытпен сағат 23:00-де Ақтөбенің жұлдызды аспанының оңтүстік бөлігінің картасы бейнеленген. Картадан өздеріңізге таныс шоқжұлдыздарды және әрбір шоқжұлдыздың жарық жұлдыздарын сипаттап жазыңыз.

 

8 класс

1.Ганимед, Бетельгейзе, Күн, Меркурий, Галилей құйрықты жұлдызы. Осы объектілерді массаларының өсу ретімен орналастыр.

2.Күн жарқылы  кезінде Күннің бетінен шығарылған бөлшектер жарқылды бақылағаннан кейін екі күн ішінде Жерге жетеді. Бөлшектер қозғалысының  орташа жылдамдығы жарықтың жылдамдығынан қанша есеге өзгеше?

3.Американдық Скайлеб (1973ж.) орбитальды станциясы алғашқы атмосферадан тыс әмбебап күн обсерваториясы болды. Оның экипажы өз физикалық қалпын сақтау үшін диаметрі 6 метрлік цилиндр тәрізді ішкі станция бойынша  жүгірді. Осындай жағдайларда, Жердің ауырлық күшін сезіну үшін қандай жылдамдықпен жүгіру керек. Кеңістікте станцияның бағдары қалай болу керек?

4.Еркін түсу үдеуі  9,781 м/-қа тең. Экватордағы денелердің салмақсыздықта  болулары үшін  Жер  қаншалықты тез айналуы қажет?

5.Алдарыңызда  23 ақпандағы жергілікті уақытпен сағат 23:00-де Ақтөбенің жұлдызды аспанының оңтүстік бөлігінің картасы бейнеленген. Картадан өздеріңізге таныс шоқжұлдыздарды және әрбір шоқжұлдыздың жарық жұлдыздарын сипаттап жазыңыз.

 

9 класс.

1.Альбирео, Нептун, М31, Энцелад, Құмырсқа. Бұл объектілерді объекті түрінің атаулары бойынша алфавиттік ретпен орналастырыңдар.

2.Күн мен Юпитер бірдей орташа тығыздыққа ие, алайда Юпитердің радиусы Күннің радиусынан 10 есе кіші. Олар массалары  жағынан шамамен қанша есеге ерекшеленеді?

3.1961 жылы 12 сәуірде тұңғыш космонавт Ю.А. Гагарин Байқоңыр ғарыш айлағынан Восток кемесімен ғарышқа ұшты. Ғарыш кемесі ЖЖС орбитасы бойынша 1,5 сағат уақыт аралығында қозғалып, бір айналым жасап, Жерге қонды. Ол Байқоңырға қатысты Жерге қонуды қай жерде аяқтады?

4.Егер Жердің бұрыштық айналу жылдамдығы тәулігіне 1°-ты құрайтын болса, онда Күннің массасын есептеп шығарыңыздар. Гравитациялық тұрақтыны G=6,67*10^(-11)H*м^(2)/кг^(2), ал Күннен Жерге дейінгі қашықтықты   R=1,49*10^10^(8) деп есептеңіздер.

5.Алдарыңызда  30 желтоқсандағы  жергілікті уақытпен сағат 22:00-де Ақтөбенің жұлдызды аспанының оңтүстік бөлігінің картасы бейнеленген. Картадан өздеріңізге таныс шоқжұлдыздарды және әрбір шоқжұлдыздың жарық жұлдыздарын сипаттап жазыңыз.

 

Ескерту: тапсырмаларды орындау кезінде қойылатын талаптар: 1. Сұрақтарға нақты жауап беру; 2. Интернеттен көшірілген жауаптар қабылданбайды;3. Есептеулерді қажет ететін тапсырмаларда барлық жауап нұсқаларын жазуға болады.