4 – 6 желтоқсан 2017 жылы Ақтөбе облыстық планетарийінің 50 жылдық мерейтойы атап өтілді

Қазақстандағы тұңғыш ашылған Ақтөбе облыстық планетарийі 2017 жылы  50 жылдық мерейтойын тойлады. Бүгінде планетарий -  халық арасында астрономия, космонавтика ғылымдарын насихаттаушы  жетекші орталықтардың бірі және еліміздің мәдени – ағартушылық және  қоғамдық өмірінде ерекше орын алады.

Осы айтулы шараға орай  Ақтөбе облыстық планетарийі 5 желтоқсан күні «Жұлдызды әлем – күллі әлем» атты салтанатты мерекелік шарасын өткізілді.

Шараға Қазақстан планетарийлерінің өкілдері, Ресей Планетарийлерінің Ассоциациясынің өкілдері, білім мекемелері және университеттер,қала мен облыстың зиялы қауымы және т.б.  қатысты.

Шараның құрметті қонақтары:

Айдын Аимбетов – ҚР ұшқыш-ғарышкері, ҚР Халық қаһарманы, авиация генерал-майоры, «Қазақстан Ғарыш Сапары ҰК» АҚ-ның вице-президенті,Астана қ. Ульяна Авдеенко – Еуразиялық Планетарийлер ынтымақтастығының тең төрағасы, Төменгі Новгород планетарийі, РФ. Жүніс Сақұрпағы –жазушы – фантаст, Қазақстан Жазушылар одағының және ТМД Астрономия – геодезия қоғамының мүшесі, Астана қ. Любовь Шестакова – физика-математика ғылымдарының кандидаты, В.Г. Фесенков атындағы Астрофизика институтының жұлдыздар физикасы мен тұмандықтар зертханасының меңгерушісі, Алматы қ.

Михаил Гаврилов – физика-математика ғылымдарының кандидаты, Халықаралық астрономиялық олимпиадалардың төрағасы, Пущино радиоастрономиялық обсерваториясының жетекші ғылыми қызметкері, Москва қ.  

Сонымен қатар шараға мәдениет мекемелерінің  қызметкерлері, құрметті ардагерлер, Т.Бегельдинов ат.Әуе Қорғаныс Күштері Институтының курсанттары және оқу орнының студенттері қатысты.

Бағдарлама барысында, Еуразиялық Планетарийлердің Ынтымақтастығы (ЕПЫ) және планетарийлер, ғылым және білім мекемелерініңөкілдерінің отырысы,  ҚР ғарышкері,  ҚР Халық қаһарманы А.А Аимбетовтың Қ. Жұбанов ат. АӨМУ-де  жастармен кездесуі, құрметті қонақтардың қатысуымен пресс-конференция, Ақтөбе облыстық планетарийінің     50 жылдық мерейтойына арналған «Жұлдызды әлем – күллі  әлем» салтанатты мерекелік шарасы  өткізіледі және КСРО батыры, ұшқыш-ғарышкер Виктор Пацаевтың  туған жеріне бару ұйымдастырылды.

Шараны өткізудің негізгі мақсаты планетарийдің қызметін мәдени-ағартушы мекемесі және жаратылыстану ғылымы мен ғарышкерлікті дәріптеу орталығы ретінде насихаттау.

Планетарийлер арасындағы өзара шығармашылық байланыстарды дамыту және нығайту, әдістемелік нәтижелермен алмасу. Басқа елден келген қонақтарды қаламыздың мәдениеті және дәстүрімен таныстыру. Тілдесулер, әртүрлі формадағы презентациялар мен жұмыс әдістерін таныстыру Планетарийдің 50-жылдығын шығармашылық түрде атап өтуге мүмкіндік берді.