Астрономиялық олипиада

ВНИМАНИЕ!

Уважаемые участники Олимпиады и руководители!

Проведение второго  очного  тура  ХІІ Областной астрономической олимпиады школьников

переносится на другой срок, о котором будет сообщено дополнительно и заблаговременно.


XII астрономиялық олимпиаданың сырттай турының тапсырмалары

7 класс

  1. Болашақтағы Күн эволюциясы туралы теорияны сипаттаңыз. Мысалы, Күн «қара құрдым» бола ала ма?
  2. Шетсіз әрі шексіз Әлемнің фотометриялық парадоксын түсіндіріңіз: «Егер Ғалам шексіз болса, онеге түнде қараңғы?»
  3. Егер жарық Галактикадан Жерге 4·108 жыл жылдамдықпен  ұшса, онда Галактика Жерден қанша жылдамдықпен алшақтайтындығын есептеңіз.
  4. Өз денеңіздің салмағын біліп (шамамен), Марс бетінде салмағыңыздың қандай болатынын есептеңіз.
  5. Сіздің алдыңызда 20-ақпандағы жергілікті уақытпен сағат 23:00-гі Ақтөбенің жұлдызды аспанының оңтүстік бөлігінің картасы. Осы картадан Сізге таныс шоқжұлдыздарды атап әрбір шоқжұлдыздардың жарық жұлдыздарын сипаттаңыз

8 класс

  1. Айдан Күннің тұтылуын, метеорларды, құйрықты жұлдыздарды, поляр шұғыласын, кемпірқосақты, күміс түсті бұлттарды, жасанды серіктерді бақылауға бола ма? Түсіндіріңіз.
  2. Неге Марс пен Юпитер арасында бір үлкен ғаламшар емес, көптеген кіші денелер бар? Түсіндіріңіз.
  3. Жер тектес ғаламшарлардың қайсысының бетінде ғарышкерлердің салмағы ең аз болады? Түсіндіріңіз.
  4. Ғарыш қоқысын Күнге лақтыру идеясы бар. Бұл энергетикалық тиімді ме? Осы идеяны тексеруге Жерден Күнге жету үшін зымыран қандай жылдамдықпен бастау алу керек екенін есептеңіз?
  5. Сіздің алдыңызда 30-наурыздағы жергілікті уақытпен сағат 22:00-гі Ақтөбенің жұлдызды аспанының оңтүстік бөлігінің картасы. Осы картадан Сізге таныс шоқжұлдыздарды атап әрбір шоқжұлдыздардың жарық жұлдыздарын сипаттаңыз.

9 класс

 

  1. 2009 жылдан кейін қай жылы бірінші рет ақпан айында бес жексенбі болады?
  2. Адам екінші Ғарыш жылдамдығын дамыта алатын, яғни ғарышқа секіріп, ұшып бара алатын домалақ астероидтың радиусы қандай? Астероид тығыздығы ρ=2 г/см3 болғанда, жер бетіндегі адам H=1 м биіктікке секіреді деп есептейміз.
  3. Бүгін орташа күн уақытымен сағат 1-де 70043/биіктікте жай көзбен төменгі шарықтау шегінен кейбір жұлдыздардың өтуі бақыланды. Бұл жұлдыздардың  жоғарғы шарықтау шегі қандай биіктікте болуы мүмкін? Ол қашан болады? Сондай-ақ, оны жай көзбен көруге болады ма? Жауабыңызды толық түсіндіріңіз.
  4. Юпитердің Күнді айналу жұлдыздық кезеңі шамамен 12 жылды құрайды. Юпитердің Күннен орташа қашықтығы қандай?
  5. Сіздің алдыңызда 15 – шілде жергілікті уақытпен сағат 23:00-гі Ақтөбенің жұлдызды аспанының оңтүстік бөлігінің картасы. Осы картадан Сізге таныс шоқжұлдыздарды атап әрбір шоқжұлдыздардың жарық жұлдыздарын сипаттаңыз.

 

Ескерту: тапсырмаларды орындау кезінде қойылатын талаптар: 1. Сұрақтарға нақты жауап беру; 2. Интернеттен көшірілген жауаптар қабылданбайды;3. Есептеулерді қажет ететін тапсырмаларда барлық жауап нұсқаларын жазуға болады.

 

Олимпиадасының  ережесі

АҚТӨБЕ     ОБЛЫСТЫҚ     ПЛАНЕТАРИЙІ

Облыстық XІІ  Астрономиялық  олимпиадаcының сырттай туры

 2020  жылы өтетін астрономиялық олимпиада

ӘБУ НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИДІҢ

туылғанына 1150 жылдығына арналады

(870 – 951 ж.ж.) 

          Әбу Насыр Әл-Фараби  –  Шығыстың көрнекті ойшылы,  Арыс өзенінің Сырдарияға құяр жағында орналасқан, бұрын Отырар деп аталған Фараб  қаласында туылған (қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы).

Әбу Насыр ғылыми білімнің негізін 20 жасқа дейін Отырарда алды, онда Аристотель, Платон және басқа да ежелгі грек философтарының философиялық және ғылыми еңбектерімен танысу мүмкіндігі пайда болды.

Оны Аристотельден кейінгі «Екінші ұстаз» деп атады. Содан соң, Бұқарада, Самарқандта оқып, жұмыс жасаған. Көп жылдар бойы  Араб Халифатының мәдени және саяси орталығы болып саналатын Бағдатта өмір сүрген. Өмірінің соңғы жылдарын ол Каирде, Аллеппода және Дамаскте өткізіп, үлкен құрметке ие болған.

Әл-Фарабидің  аты  – ғылым мен мәдениеттің тарихына енді. Ол өзінен кейін     түрлі білім салаларын және астрономия ғылымын  қамтитын 200-ге тарта трактаттар жазып, бай ғылыми мұра қалдырды. Оның еңбектері Еуропалықтардың қайта жаңаруына үлкен әсерін тигізіп, Шығыс пен Батыстың мәдениеті мен философиясын жақындатып байланыстырған көпір тәрізді.

XIІ Астрономиялық  олимпиадасының сырттай турының өткізілу ережесі

  1. Олимпиаданы өткізудің негізгі мақсаты –  оқушылардың астрономиялық білімге, ғылымға деген қызығушылығын арттыру және де осы пәнді тереңірек меңгеруге ынталандыру, болашақ мамандық таңдауына көмек көрсету, астрономиялық үйірмені жандандыру.
  2. Олимпиадаға астрономиялық білімді үйренуге қызығушылығы бар, белсенді қала және аудан мектептерінен 7-8-9 сынып оқушылары  қатыса алады.
  3. Олимпиаданың сырттай туры 05.02.–10.03.2020 ж. аралығында өтеді. Сырттай турға қатысушыларға күрделілігі  әртүрлі бірнеше  астрономиялық есептер  беріледі. Дайын жауаптар ақ  бет қағазға (формат А4) терілген түрде тапсырылады. Жұмыстың көлемі 4 беттен аспауы тиіс. Суреттер мен схемалар циркульдің, сызғыш пен қарандаштың көмегімен мұқият орындалуы қажет. Жеке ақ бет қағазға (титул) қатысушының аты-жөні, мектебі, сыныбы, байланыс телефоны, қатысушыны дайындаған мұғалімнің аты-жөні мен байланыс телефоны міндетті түрде көрсетілуі керек (жауап парағына қатысушының аты-жөні жазылмауы  керек, тапсырма  жасырын).

Толтыру кезінде мыналарды еске сақтау керек: алдымен есептің немесе сұрақтың мәтіні, содан кейін есептің шешуі немесе сұрақтың жауабы жазылады.

  1. Қатысушылар,  жұмыстарын  2020 жылдың  10-шы наурызына дейін тапсыруы керек. Қала мектептерінің қатысушылары жұмыстарын Облыстық планетарийге тапсыруы керек. Аудан мектептерінің оқушылары жұмыстарын мына gulnura_9-0@mail.ru. электронды поштаға жіберулеріне болады.
  2. Жоғарғы ұпай алған қатысушы  2020 жылдың 1-2 сәуірінде  өтетін екінші турға қатыса алады Екінші тур бойынша Олимпиада жеңімпаздары  жүлделі  І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен және медальдармен, жетекшілері алғыс хаттармен марапатталады.

 

Мектептер  қатысушылардың тізімі мен сұранысын  2020  жылдың  17-ші ақпанына дейін тапсыру керек.

Мекен-жайымыз: Ақтөбе қаласы, Жанқожа батыр көшесі, 50 А.

Факс: 8(7132) 211- 322, ватсап: 8 7054788646  тел. 404-214 немесе жоғарыда көрсетілген

мекен –  жайға.