2020 жылдың 5/6 маусымындағы Айдың жартылай көлеңкелі тұтылуы.

5 маусымнан 6 маусымға қараған түні Айдың жартылай көлеңкелі тұтылуы орын алады. Ақтөбенің географиялық координаттары бойынша тұтылу 22 сағ.43 минутта басталады. Максималдық фазаға 00 сағ. 24 минутта жетіп, 59,12% -ды құрайды. 2 сағ. 02минутта тұтылу аяқталады. Жартылай көлеңкелі тұтылу жәй көзбен қарағанда көрінбейді, яғни Айға қарап тұрып, бұл құбылысты байқамауымыз да мүмкін. Егер де бұл құбылысты телескоп арқылы бақылайтын болсақ, Жер серігінің беті сәл ғана қараңғыланғанын байқауға болады. Алайда бірнеше күннен соң, астрономия ғылымына қызығушылар, яғни 21 маусымда Күннің сақина тәрізді тұтылуының фазаларын тамашалай алатын болады. Келесі ақпараттарды біздің ресми сайттарымыз: @aktobe_planet  және фейсбуктегі f:Актюбинский планетарий парақшаларынан біле аласыздар.